28.07.12 12:45

Бұрынғы боксшы ретінде мен ең алдымен былғары қолғап шеберлерінің жанкүйерімін — «Ақ жол» ҚДП төрағасы

АЛМАТЫ. 28 шілде. ҚазАқпарат — Лондонда өнер көрсететін боксшыларымыздың Бейжіңдегі көрсеткішін жақсартуға мүмкіндігі бар. «Ақ жол» ҚДП төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашевтің пайымдауынша,

Мырзағали Айтжанов жаттықтыратын былғары қолғап шеберлері ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында 2 алтын, 2–3 күміс және қола жүлде олжалауы мүмкін.

«2008 жылы Бейжіңде өткен соңғы Олимпиада ойындарынан соң, Қазақстан бокс федерациясын Тимур Құлыбаев басқарғаннан кейін, оның қаржылық және ұйымдастырушылық жағы айтарлықтай жақсарды. Бейжіңде былғары қолғап шебелері құрама қоржынына 1 алтын, 1 қола медаль салса, осы жолы одан жоғары нәтиже күтудеміз. Үміткерлер туралы айтқанда, ең алдымен, әлемнің 2 дүркін чемпионы атанған, команда капитаны және аса тәжірибелі Серік Сәпиевтің есімі бірінші ауызға түседі. Бұл оның тұңғыш Олимпиадасы емес», дейді Азат Тұрлыбекұлы.

Оның сөзіне қарағанда, құрама қоржынына екінші алтын медальді Азия ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов салуы мүмкін. Жас болғандықтан оны қарсыластары аса көп біле бермейді. Осындай ойында бұрын аса белгілі болмаған Бекзат Саттарханов сияқты оның да жарқ етіп шығуы мүмкін.

«Сол сияқты әйелдер боксынан тұңғыш рет бақ сынағалы отырған Саида Хасеновадан көп үміт күтемін. Марина Вольнова жолдаманы Халықаралық олимпиада комитетімен болған келісім арқылы алса, Саида оған Әлем чемпионатында өз күшімен қол жеткізді. Сондықтан олардың бірі қай деңгейде болса да бір медаль болса жақсы болар еді. Жалпы Лондондағы бұл дүбірлі додаға өзім де жанкүйер болып бармақпын. Онда бокс, грек-рим күресі, ауыр атлетика және таеквондо сияқты спорт түрлері бойынша спортшыларымыздың өнерін тамашалауды жоспарлап отырмын», деген А. Перуашев, аталмыш спорт түрлерінен жүлде күтіп отырғанын айтты.

все сми о боксерах »

Пожалуйста, авторизуйтесь, для того, чтобы опубликовать Ваш комментарий. Если у Вас нет учетной записи пройдите регистрацию.

YouTube В Контакте Twitter Facebook

олимпийский
КАЛЕНДАРЬ

Декабрь 2017
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
День
1965
вторник

Сколько медалей завоюет сборная Казахстана в Лондоне?